Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жас жігіт жұмыс орнынан 2 қорап ішімдік ұрлап, сатып жіберген

Ақтөбеде жас жігіт жұмыс орнынан 2 қорап ішімдік ұрлап, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйек сағат шамамен 16.45-те Ақтөбе қаласындағы гипермаркеттердің бірінің 19 жастағы қойма қызметкері өзі жұмыс жасайтын гипермаркеттен 2 қорап арақ, 3 хош иістендіргіш және автокөлік салонын жылтыратуға арналған құралды ұрлаған.

Жас жігіт ұрланған заттарды гипермаркетке жақын жерге қойылған автокөлігінің салонына тиеген және әрі қарай ұрланған ішімдіктерді қаладағы мейрамханалардың біріне сатқан.

Келтірілген залалдың жалпы көлемі 80 мың теңгені құрады.Бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы ұры ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Заттай айғақтар алынды.

Ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру