Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті

Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 мамыр күні Камаз жүк көлігінің жүргізушісі 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен “Шалқар” дүкеніне қарама-қарсы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің алдында 1991 жылғы велосипедшіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кету керек, елді мекендерге жақын жолдарда жергілікті тұрғындар қозғалысқа белсенді қатысады, олар үшін негізгі көлік құралы велосипед болып табылады. Сондықтан елді мекендердің маңындағы автожолдарда қозғалыс кезінде автокөлік жүргізушілеріне ерекше назар аудару қажет. Жолда велосипедшілермен кездескенде, жылдамдықты минимумға дейін төмендетіп, олардың жанынан өткен кезде өте сақ болған жөн. Өйткені, жолдағы кез-келген күтпеген жағдай қайғылы салдарға айналуы мүмкін.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлік жүргізушілері мотоциклистерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге мұқият қарау керек, өйткені олардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың зардабы ең ауыр болады. Ал екі доңғалақты көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелері мен жеке қауіпсіздік шараларын оқып, қатаң сақтауы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру