Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған

Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында кешкі уақытта белгісіз автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Opel Astra автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып жол-көлік оқиғасы болған орнын қалдыруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Медициналық тексерістен кейін жасөспірім бала үйіне қайтарылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру