Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғынын қорқытып, несие рәсімдеген күдіктілер ұсталды

Ақмола облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақмолалық тұрғынды қорқыту жолымен екі несие рәсімдеген бопсалаушыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау полициясына бопсалау фактісі туралы облыстық орталықтың 22 жастағы тұрғын жүгінді. Жас жігіттің айтуы бойынша, белгісіз үш жігіт оны пәтерге күшпен кіргізіп, денесіне зақым келтіріп, кейін пышақпен қорқытып, үлкен мөлшерде қаражат талап еткен.

Жағдайларды егжей-тегжейлі анықтаған жедел уәкілдер жәбірленушінің бұған дейін ВКонтакте әлеуметтік желісінде қызбен танысқанын анықтады. Ал алғашқы кездесуден кейін оны бопсалаушылар “ұстап алған”. Жәбірленушіде талап етілген сома болмағандықтан, қаскөйлер оның телефонындағы банктердің қолданыстағы қосымшалары арқылы екі онлайн-несие рәсімдеп, жәбірленушіні үнемі өздерінің бақылауында ұстап, жақын маңдағы банкоматтардан ақшаны шешіп алған. Қолма-қол ақша берген жас жігіт бірден полицияға жүгінді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Көкшетауда арнайы операция нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны, олардың “көшбасшысына” қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы тағайындалды, екі қатысушыға қатысты шара қабылданып, қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру