Ақтөбелік 15-тен астам тұрғынды жеңіл ақша табу сылтауымен алдаған
Ақтөбеде интернет алаяқтыққа күдіктінің ҚР түрлі өңірлерде болған 15-тен астам алаяқтық фактісіне қатысы бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18-20 тамыз аралығында республика аумағында ақпараттық технологиялармен жасалатын құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет алаяқтыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын-алуға бағытталған іс-шаралар жүргізу.
– Жедел профилактикалық іс – шарасының екі күні ішінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған тоғыз қылмыс фактісі тіркелді, оның ішінде ҚР ҚК 190 – бабы 2-бөлігі, 3-бабы бойынша – бес факт (интернет алаяқтық), ҚР ҚК 311-бабы бойынша бір факті (порно материалдарды тарату), ҚР ҚК 208-бабы бойынша бір факті (ақпаратты заңсыз иелену), 399-бабы бойынша екі факті (ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау өндіру және бұрын жасалған 10 қылмыс анықталды, – деді облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында интернет алаяқтық жасағаны үшін Ақтөбе облысы ПД КПБ киберқылмыспен күрес тобының қызметкерлері Ақтөбеде «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы «35.000 tenge», «Ақша айналым (@ainalym_a)» парақшаларын ашып, ақша қаражатын көбейту сылтауымен интернет алаяқтықпен айналысқан 21 жастағы жігітті ұстады, ол парақшада, «WhatsAрp» мессенджеріне тіркелген абоненттік нөмірлерді көрсеткен. Ақшаны «Киви әмиянына» аудартқан.
Қ. Нұрмағамбетовтың айтуынша, күдіктінің ҚР түрлі өңірлерде болған 15-тен астам алаяқтық фактісіне қатысы бар. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды