Қазақстан азаматтарының мерзімі өткен құжаттарын ауыстыру бойынша шаралар жалғасуда
Қазіргі таңда халықты құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Қызылорда облысы Полиция департаментімен қажетті шаралар жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мүмкіндік шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылып, өз жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 1124-тен астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын жеке куәліктері табысталды.