Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлердің қатысуымен семинар-тренинг өтті

Батыс Қазақстан облысында учаскелік полиция инспекторлары және ювеналды полиция қызметкерлері арасында “Отбасы-тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушы және жәбір көрушімен жеке жұмыстар” бойынша семинар-тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД ЖПҚБ-ның және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс жоспарына сай Теректі ауданы, Федоровка ауылында Теректі ауданының Пб және Ақжайық Пб жергілікті полиция қызметі бөліністерінің учаскелік полиция инспекторлары және ювеналды полиция қызметкерлері арасында “Жас отбасы” клубының жетекшісі модератор Гүлбаршын Муштанова, зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі сарапшылар Гүлмира Тулегенова мен арнайы психолог Әдемі Аянғалиеваның дәріс жүргізуімен “Отбасы-тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушы және жәбір көрушімен жеке жұмыстар” бойынша семинар-тренинг өткізілді. Шараның екінші кезеңінде Ішкі саясат, Білім және Денсаулық сақтау бөлімі, Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және т.б. мүдделі мекеме өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде отбасы мәселелеріне жауапты органдардың іс-қимыл жасасуы талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру