Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицей таэквондодан ҚР чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

16-18 ақпан аралығында Атырау қаласында GTF таэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл турнирге Ақтөбе облысының полицейі Есет Аймұхан қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есет Қарғалы ауданы полиция бөлімінде қызмет атқарады. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық спортшы жиналды. Соңғы 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Есеттің қарсыласы Ақтау қаласынан болды. Есет дене шынықтыру мен техникалық дайындықтың тамаша деңгейін көрсетіп, қарсыласын сенімді түрде жеңіп, алтын медальға ие болды және бұл оның алғашқы жеңісі емес.

Есет Аймұхан Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен 2016 жылғы әлем чемпионы және 2019 жылы Қазақстан Республикасының қола жүлдегері атанды. Оның 1-дан қара белбеуі бар. Есет таэквондомен 7 жасынан бастап айналысады. Ол Облыстық таэквондо федерациясының президенті Демид Грачевпен бірге жаттығады.

Есет ел чемпионатында жеңіске жетіп, осы жылдың күзінде Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

– Мен 7 жасымнан бастап таэквандомен айналысамын. Полицияда жұмыс істей отырып, сүйікті спорт түрімен айналысуға уақыт табамын. Таэквандо маған байсалдылықты, тәртіп пен төзімділікті үйретеді, – дейді полиция қызметкері Есет Аймұхан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру