Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Ақтөбелік полицейлер “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының аумағында балалардың құқықтарын бұзу, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу фактілерін анықтау мақсатында  17-20 маусым аралығында “Түнгі қаладағы балалар” профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде ішкі істер органдарына 302 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде 327 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы (127-бап) -12;
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын – сауық мекемелерінде болуына жол беру (132-бап) – бір;
21 жасқа толмаған адамдарға темекі мен темекі бұйымдарын сату (423-1-бап) -14;
Кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді сату (200-бап) -12;
14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық (435 – бап) – 2;
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын – сауық мекемелерінде болуы (442-бап 1-бап) – бір;
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы (442-бап 2-б.) – 297;

Бұдан басқа, балалар еңбегін еңбек шартынсыз пайдаланудың төрт фактісі анықталды, олар бойынша Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына ұсыныс жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру