Ақтөбелік жайылымнан мал ұрлап кеткен
Шалқар ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қыркүйек күні Шалқар ауданының 29 жастағы тұрғыны полицияға арызданған. Ол 19 қыркүйек күні жайылымнан белгісіз біреулер бір бас ірі қара малды ұрлап кеткенін хабарлады.
Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін полиция қызметкерлері 60 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол еркін жайылымнан еркін қол жеткізу жолымен бір бас ірі қара малды ұрлады. Кейін ер адам оны сатып жіберген. Шығын сомасы 300 мың теңгені құрады.
Күдікті бұл әрекетін мойындады.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Облыс ПД азаматтарды қырағы болуға және жеке мүліктің, соның ішінде ірі қара малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық сақтық шараларын қабылдауға шақырады.