Арнайы көліктерге жол бермеген 11 жүргізушіге айыппұл салынды
Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 11 жүргізуші «жедел жәрдем» мен өрт сөндіру машиналарына жол бермеген,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Петропавлда арнайы көлікке жол бермейтін жүргізушілерді анықтау бойынша профилактикалық рейд өтті.
Петропавл қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаланың көшелерімен жарқылдауық маяктары мен сиренасын қосып келе жатқан «жедел жәрдем» көлігін тексеріп, барлық көлік тізгіншілерін қаншалықты көңіл аударып,жол беретінін бақылады.
«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің («598 – бабы арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу») бойынша айыппұл санкциясын білдіреді, – деп атап өтті Петропавл қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Қанат Әлімжанов.- Бұл апатты жағдай туғызатын жол қозғалысы ережелерін бұзу. Сонымен қатар, «жедел жәрдем», өрт сөндіру немесе полиция машинасының жүруіне кедергі келтіретін жүргізуші жедел және арнайы қызметтердің көмегіне мұқтаж адамдардың өміріне қауіп төндіреді».
Полицейлер мына жағдайларды еске салады: қозғалыстың артықшылығы үшін көк және (немесе) қызыл түстердің қосылған жарқылдауық маяктары және арнайы дыбыстық сигнал негіз болады. Қазақстан Республикасы Жол қауіпсіздік ережесі 6-бөліміне сәйкес» арнайы сигналдарды қолдану » бойынша жүргізушілер осындай көлікке, сондай-ақ ол еріп жүретін машиналарға жол беруі тиіс. Жаяу жүргіншілер (олардың міндеттері жазылған ЖҚЕ бойынша 3-бөлімде) сондай-ақ, жолдың жүретін бөлігін босатуға міндетті.
Арнайы көлік жүргізушілері оларға жол беретініне көз жеткізгеннен кейін артықшылықтарды пайдалана алады.Өрт сөндірушілер ТЖ орнына дер кезінде келіп қана қоймай, сонымен қатар өз жабдықтарын дайындау керек.
Дәрігерлер кейде сағат емес, секундқа есеп береді. Көлік құралдарының жүргізушілері бұл туралы есте сақтаулары және көлікпен толтырылған көшелерде қосымша кедергілер тудырмауы тиіс.
Рейд шеңберінде бірде-бір бұзушылық анықталған жоқ. Өткен жылы СҚО полицейлері шұғыл қызметтердің арнайы автокөліктеріне жол бермеген жүргізушілерге қатысты 11 хаттама толтырған. Оның 10 – ы облыс орталығында болды.