Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нельсон Манделаның ережелеріне сәйкес семинар өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында үш күнге созылған сотталғандарды  бағалау және жіктеу бойынша семинар өз жұмысын аяқтады. Семинарды ұйымдастырушы-Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының кеңсесі.  

 

Іс-шара «экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмысты ұйымдастырудағы күш-жігерді қолдау және пенитенциарлық мекемелерде қамаудағылардың радикалдануының алдын алу»жаһандық бірлескен бастамасының шеңберінде ұйымдастырылды.

Іс-шараға Канададан, Нидерландыдан, Ұлыбританиядан және Германиядан келген шетелдік сарапшылар, ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің, Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының өкілдері мен  Бас прокуратура қатысты.

Семинарға Нельсон Манделаның ережелеріне сәйкес түрмелерді жіктеу, сондай-ақ жіктеудің отандық жүйесіндегі проблемалық мәселелерді анықтауы негіз болды.

 

Сотталғандардың тәуекелдері мен қажеттіліктерін бағалау құрылымын әзірлеу және жасалған және стандартты жұмыс рәсімдерін жіктеу құралдарына қатысты ұсыныстар әзірлеу туралы мәселелер талқыланды. ІІМ Қостанай академиясы Ш. Қабылбаева атынан Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі С. И. Қарақұшев, орталық бастықтары – полиция подполковнигі Р. К. Мұхтабаева және М. С. Түймебаев қатысты..

 

Қазақстан пробация қызметіне сотталғандардың тәуекелдері мен қажеттіліктерін бағалау жүйесінің енгізілуі мен мәртебесі туралы Пробация қызметінің мамандарын даярлау орталығының бастығы Р. К. Мұхтабаева ақпараттар ұсынды.

 

Экстремистік идеологияға қарсы әрекет ету бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы М. С. Түйғанов экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеуге тартылған қызметкерлерді оқыту бағдарламасына шолу жасады.

Семинар өте жемісті өтті; қатысушылар теориялық біліммен ғана емес, практикалық тәжірибемен де алмасып, сараптамалық пікірлермен танысты, экстремизм мен терроризм үшін сотталғандармен шетелдік жұмыс тәжірибесімен (Нигерия, Канада, ГФР) танысты, мәселелерді алға тартты және осы бағытта алдағы жұмыс бағдарын белгіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру