Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыс өзенінен заңсыз балық аулаған кезекті браконьерлер ұсталды

Түркістан облысының полицейлері 150 дана балық аулаған екі браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс өзенінен заңсыз балық аулаған кезекті браконьерлер ұсталды. Тексеру барысында анықталғандай, жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде Отырар АПБ-ның ЖПҚ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен су ресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлар бірлесіп, кешкі сағат 19:00 шамасында жағалауда балық аулайтын аппараттың көмегімен балық аулап отырған екі ер адамды анықтады. Осылайша полиция қызметкерлері отырарлық браконьерлерден сүзгіш құралы, үрмелі қайық, ескек, аккумулятор және 150 дана балықты айғақты зат ретінде тәркіледі. Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы балықтың 46 данасы “Қызыл кітапқа” енген “мұртты қаяз” балығы екені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілердің бас шаралары қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны және ресурстарды заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғауға және заңдарды сақтауға шақырады. Егер сіз браконьерлік деректеріне куәгер немесе қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, тез арада полицияға “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру