Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер бір түнде көлік ұрлаудың екі фактісін анықтады

Теміртаулық полицейлер бір түнде көлік ұрлаудың екі фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамырға қараған түнде Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді. Түн ортасында полиция Абай көшесінің бойымен келе жатқан көлікті тоқтатты, көлікті басқарған 24 жастағы жас жігіт Металлургов даңғылының бойындағы үйдің ауласынан ұрлап айдап кеткенін мойындады.

Дәл сол уақытта Теміртау қаласының ПБ Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ГАЗель–27055 автокөлігін көше қиылысының бірінде жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатты. 25 жастағы жүргізушісінің ешқандай құжаттары болмаған. Белгілі болғандай, ұсталған ер адам автотұрақтың қызметкері болып шықты және ол бірнеше сағат бұрын құны алты миллион теңге тұратын ГАЗельді айдап кеткен.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 200-бабы (Автокөлікті ұрлық мақсатынсыз заңсыз иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған көліктер иелеріне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру