Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық спирттік ішімдік үшін интернет-аляқтыққа барды

Петропавлдық спирттік ішімдік үшін интернет-аляқтыққа барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер интернет-алаяқтар көп жағдайда “электронды” түрде және адамдардың қаржы жағынан сауатсыздығын пайдаланып, олжаға кенеліп жатады. Петропавлда осындай жағдай орын алды.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының Екінші полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, біреу оның атына шағын несие беру ұйымында несие ресімдегенін айтты. Полицейлер аталған ұйымның қосымшасы оның телефонына жүктелгенін анықтады, сонымен қатар оның өз телефонын басқа адамдарға қолдануға бергені белгілі болды. Олардың арасынан күдікті – бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, жәбірленушінің 27 жастағы танысы анықталды. 23 наурыз күні спирттік ішімдік алу үшін жәбірленушіге шағын несие алуды ұсынған. Ол келіскен, бірақ оны қалай жасау қажеттілігін білмейтінін айтқан. Сол уақытта күдікті оның телефонына қажетті қосымшаны орнатып, верификация рәсімін өткізіп, 4,5 мың теңге несие алған және ақшаны өз картасына аударған. Сосын жәбірленушіге мүмкін болмады деп телефонын қайтарған. Кейін ол ақшаны аударып, спирттік ішімдік алған, алайда жәбірленушінің қатысуынсыз ішімдік ішкен.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, — дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов. — Барлықтарыңыздан өз телефондарыңыздың қауіпсіздігі жайлы ойлауыңызды, оларды құпия сөзбен қорғауды, бөгде адамға тапсырмауыңызды сұраймыз. Ешкімге сіздің рұқсатыңызсыз өз құрылғыңызға тексерілмеген қосымша орнатуға жол бермеңіз. Егер сіз Интернеттен жүктелген бағдарламаларды қолданатын болсаңыз, оның жұмысы жайлы білуге тырысыңыз. Бөгде адамның атына несие ресімдеу қаскөйдің жәбірленушімен жеке қарым-қатынас кезінде орын алады, алайда мұндай схема қашықтықтан байланысу арқылы да жасалуы мүмкін. Сол себепті ешкімге өз құжаттарыңыздың фотосуретін жібермеген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру