Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция жалған нөмірмен жүрген жүргізушіні анықтады

Астанада полиция жалған нөмірмен жүрген жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрінетін түрде жалған нөмірлері бар көлік құралын басқарғаны үшін TOYOTA көлігінің 22 жастағы жүргізушісі сот шешімімен бір тәулікке қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Жергілікті рейд барысында патрульдік полицейлер Мұстафина көшесінде жалған нөмірлі TOYOTA көлігін тоқтатты. Жүргізуші шетелде тіркелген көлікке жалған нөмірлер, яғни басқа көліктің нөмірлерін орнатқан. Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқарғаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері жалған нөмірлерді тәркілеп, көлік қоғамдық көлік тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру