Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада құрылыс нысанынан сымдар ұрлаған екі тұрғын құрықталды

Астанада құрылыс нысанынан сымдар ұрлаған екі тұрғын құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция қызметкерлері қылмыстың “ізін суытпай” құрылыс нысанынан ұрлық жасады деп күдіктелген екі елорда тұрғынын анықтады. Түнгі уақытта 21 және 22 жастағы екі жігіт жасырын түрде құрылыс объектісіне кіріп, 10 орама сымды шығарып, 300 мың теңге материалдық шығын келтірген. Ұрланған затты олар Chevrolet Cobalt автокөлігіне тиеп, металл қабылдау пунктіне апармақшы болған. Бірақ жолда патрульдік полиция экипажын байқап,  сасқалақтап қалып, полициядан қашуға тырысады. Тәртіп сақшылары мұны байқап қалып, автокөлікті тоқтатады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Нұра ауданының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктілерді анықтады. Жігіттердің аталған нысанда жұмыс істегені анықталды. Олар мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша (Ұрлық) бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру