Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тергеушілер арасында спартакиада өтті

Астанада тергеушілер арасында спартакиада өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуір күні “Динамо” спорт клубының қабырғасында елордалық департаменттің және аудандық полиция басқармаларының тергеу-анықтау бөлімшелерінің жеке құрамы мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен спартакиада өтті.

 

Спартакиада бірнеше спорт түрлерінен: отбасылық эстафетадан, шағын футболдан, арқан тартудан және басқа да жарыстардан ұйымдастырылды.


Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.

– Бүгінгі іс-шара жаңа серпін, жаңа тыныс беріп, Отанымызға деген патриоттық сезімді арттырады деп сенемін. Сіздерге, құрметті тергеушілер, зор денсаулық, жарқын болашақ және бүгінгі сайыста сәттілік тілеймін!»-деп құттықтау сөзін жеткізді, – деді Астана қаласы ПД Марат Төлебаев.

Сайыс қорытындысы бойынша Сарыарқа ауданы ПБ үздік нәтиже көрсетіп, 1 орынға ие болды. 2 орын тергеу басқармасына берілді. Қола жүлдені Байқоңыр ауданы ПБ иеленді.


Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты – салауатты өмір салтын және спортты насихаттау, сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің спорттық шеберлігін арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру