Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы полиция департаментінде балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Атырау облысы полиция департаментінде балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері өздерінің кішкентай ұл-қыздарына ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер аниматорлардың қызықты көріністерін тамашалап, түрлі ойындар мен көңілді байқауларға қатысып, ән билеп, ерекше әсерге бөленді. Сондай-ақ балаларға полиция ұжымы атынан арнайы дайындалған тәттілер мен ойыншықтар табысталып, мерекелік сыйлықтар ұсынылды.

Мерекелік іс-шарадан ерекше әсер алған бүлдіршіндер алғыстарын білдіріп, тұрғындар тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген ата-аналарын мақтан тұтатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру