Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында Армениядан әкелінген 1000 автокөлік тіркелді

Атырау облысында 1000 армениялық автокөлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекеленген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануы кейбір мәселелері” туралы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес елімізде 1 маусымнан бастап 1 ақпанға дейін Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары жалғасуда.

Көлік құралдарын тіркеу үшін иелері Армения Республикасының уәкілетті органында берілген құжатты, жеке бас куәлігі, мемлекеттік тіркеу және баж салығын төлеу туралы түбіртектерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін ұсынуы қажет. Сондай-ақ құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуы және нотариалды куәландыруы тиіс.

Тіркеуден өткен көліктерге сары мемлекеттік нөмір беріледі. Ал оң жақ рөлді көліктер тіркеуге жатпайды.

Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелері туралы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы арнайы Call-орталықтарында және 8775-056-94-68, 98-10-55 телефондары арқылы халыққа айтып түсіндіруде.

Күні бүгінге дейін барлығы 2500 адам, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-да 1114-і тиісті кеңестер алды.

– Бірінші маусымнан бері облыста Армения Республикасынан әкелінген 1000 көлік құралы есепке алынды – деп атап өтті Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

Облыс аумағында барлығы Армения Республикасынан 7000-ға жуық оның ішінде 2279 оң жақ рөлді көліктер әкелінген.

1000-ға жуық көлік еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарына сақтандыру және сенімхаттар бойынша беріп жіберілген. Ал 200-ден астам көлік техникалық жай-күйіне байланысты бөлшектеліп кеткен.

Полиция қызметкерлері Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу 1 қыркүйекке дейін жүргізілетінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру