Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының бас полицейі жоғары сынып оқушыларымен кездесті

Атырау облысының бас полицейі жоғары сынып оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты құқық бұзушылықтан аулақ болуға дағдыландыру мақсатында қоғам болып жұмыла үлес қосу қажет екендігі мәлім. Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев облыс орталығындағы бірнеше мектепке арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Мақсат – жасөспірімдермен әңгімелесу арқылы департамент қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың ықпалын саралау. Кездесу барысында өңірдің бас полицейі балалардан өз инспекторлары туралы білетін ақпараттарын да сұрады.

– Сіздердің бүгінгі алған жақсы білімдеріңіз бен жақсы қабілеттеріңіз еліміздің болашақта одан әрі дамуына үлкен үлес қосу қажет. Сондықтан, бүгіннен бастап жаман әдеттерден бас тартып, өзіңе және өзгеге зиян келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болу қажет. Полицияның бүгінгі міндеті – қоғамның, соның ішінде сіздердің, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Балалар есірткі мен темекіден, көрсеқызарлықпен әуес болатын әрекеттерден аулақ болыңыздар! Жолдағы қауіпсіздікті естен шығармаңыздар, сақ болу керек – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру