Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері көпқабатты үйдегі өрттің алдын алды

Атырау облысының полицейлері Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде шыққан өрттің алдын алды. Бұл оқиға туралы толығырақ Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

11 сәуір күні сағат 4:17-де аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне көп пәтерлі үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік қызмет қызметкерлері Жəнібек Төлепов, Алмат Шахаев, Марат Аңсат және Ақжол Тойғұлов шықты.

Полиция келген кезде үй қалың түтінге толған еді, сондықтан қызметкерлер өрт сөндірушілердің келуін күтпестен тұрғындарды дереу эвакуациялай бастады.

Пәтерлердің бірінде сымдардың қысқа тұйықталуынан түтін шыға бастаған. Пəтер төбесі тұтанып, ауаға улы заттар бөлінген. Өрттің басталып кету қаупі жоғары еді.

Төрт полицей таза ауа жұту үшін алма-кезек көшеге шығып, қайтадан үйдің кіреберісіне кіріп, адамдарды оята бастады. Олар барлық пәтерлерді бірнеше рет тексеріп, ешкім қалып кетпегеніне көз жеткізді. Жаңа туған нəресте мен 4, 5 және 6 жастағы балаларды қолдарына алып, үйден қарттарға шығуға көмектесті. Дәрігерлер барлық эвакуацияланғандарды тексерді. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет емес еді. Өрт сөндірушілер өрт ошағын жойды.

– Кейбір тұрғындар балконға жүгіріп, көмек сұрады. Біз үйден төрт бала мен қарттарды алып шықтық. Балалардың ең кішісі 40 күнге де толмаған сəби болатын, – деді Жәнібек Төлепов.

Полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жедел қимылдарының арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру