Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер тұрғынның үйінен бір тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық тәркіледі

Атыраулық полицейлер тұрғынның үйінен бір тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 15 сәуір күні сағат 11:30 шамасында “Бекіре-2021″ жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілген арнайы операция нәтижесінде Атырау қаласының тұрғынының үйінен бір тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балық тәркіледі. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы жігіт анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру