Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полиция департаменті жас қызметкерлермен толықты

Атырау облысының полиция департаменті жас қызметкерлермен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті бастығы Нұрхат Оразбаевтың бұйрығымен ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында бастапқы арнайы даярлық курстарын бітіріп келген жас полиция қызметкерлері лауазымға тағайындалды. Кездесу барысында департамент бастығы полицияда қызмет атқарудың ерекшеліктері, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы жөнінде ақпараттар берді.

Сонымен қатар әр қызметкер өзінің тікелей міндеттерін адал орындауымен қатар, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты, соның ішінде жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылықты ұстануы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру