Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының тұрғынынан бес келіден астам есірткі табылды

Атырау облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала шетінде орналасқан Зарослый ауылының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оның мекенжайын тексеру барысында есірткі табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі – жалпы салмағы 5 кг 30 гр “марихуана”  болып табылады.

Қазіргі таңда бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркеліп,  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жалпы “Қарасора-2020” жедел-алдын алу іс-шарасы басталғалы Атырау облысының полицейлері заңсыз айналымнан 20 кг астам есірткі тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру