Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бесінші қабаттан құлаған азамат қайтыс болды

Шымкентте жігіт бесінші қабаттан құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 26 қазанында шамамен 20:00-де 1997 жылы туған жергілікті тұрғын Тұрысов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің бесінші қабатынан жерге құлап, алған дене жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру