Атырау полицейлері балаларға атпен серуен ұйымдастырды
Атырау полицейлері Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Атырау қаласындағы № 31 мектеп оқушыларына естен кетпес күн сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент басшысы Қамза Үмбетқалиев 2019 жылы жас инспекторлар сайысында 1-орын алған мектеп оқушыларын Балалар күнімен құттықтады.
Мерекеге тарту ретінде тәртіп сақшылары балаларды қала шетіндегі ипподромға апарып, оларға
атпен серуен ұйымдастырды.
– Болашақта бұл оқушылардың арасынан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді абыройлы міндет санайтын Отанға адал полиция қызметкерлері шығатынына сенімдіміз, – дейді полицейлер.
Мереке күні тосын сый жасаған полицейлерге жас инспекторлар ризашылығын білдірді.