Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарды

Атырау полицейлері суицид жасамақ болған бойжеткенді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға 11 қыркүйекке қараған түні шамамен 03:40-та Атыраудағы “Балықшы-Жұмыскер” автомобиль көпірінде болған. 

Патрульдік полиция қызметкерлері Өмірзақ Абдолов пен Бердібек Қабиболлаев қызметтік көлікпен көпірден өтіп бара жатып, көпір қоршауының арғы жағынан шығып кетіп, өзенге секірмек болып тұрған қызды байқайды. Шапшаң қимылдап, дереу қасына жақындаған полицейлер қызбен сөйлесіп, оқыс қимыл жасамауын сұрап, секірмеуге көндіреді.

20 жастағы қыз өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің себебін досымен арадағы келіспеушіліктен деп түсіндірді.

Өзіне қол салмақ болған азаматшамен
полицейлер түсіндірме жұмыстары мен әңгімелесу жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру