Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көмекші “Дафни” ұрыны ұстады

Төрт аяқты көмекші “Дафни” алкоголь мен темекі ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қыркүйекте Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің полициясына жергілікті тұрғын қоймадан алкоголь мен темекі өнімдерінің жоғалғаны туралы хабарлама келді.

Дәл сол күні ізін суытпай “Дафни” төрт аяқты полицейдің арқасында ұрланған заттар қайтарылды. Ит полицейлерді күдіктінің ізіне түсіріп апарды. Қорытындысында бұған дейін құқық қорғау органдарының назарына бірнеше рет ілінген 33 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.

– Ұры түнде есікті сыммен ашып, қоймаға кірді. Оның олжасы – бір литрлік бөтелке “Ұлан”арағы, екі бөтелке “Ақ аю” сырасы және үш орам темекі болған, – деді аудандық полиция бастығы Қайыргелді Жақыпов.

Айта кетейік, неміс овчаркасы “Дафни” бөлімде бір жылдан астам уақыт қызмет етеді және тергеу-жедел тобының құрамында тәулік бойы кезекшілігін атқарады, құқық бұзушыларды ұстауға көмектеседі. Қылмыстың ашылуына көмектесу үшін ит бастықтың қолынан дәмді шұжық түрінде деликатесті алды.

Жылдың басынан бері облыстың төрт аяқты көмекшілер 261 қылмыстың бетін ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру