Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері сақтық шаралары туралы ескертеді

Атырау облысының Полиция департаменті азаматтарға заңсыз қызмет түрлерін ұсынатын алаяқтардың іс-әрекеттерінен сақтануға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы кездері көлік құралдарын тіркеу және белгілі бір ақыға жүргізуші куәліктерін дайындау бойынша заңсыз қызметтер ұсынатын алаяқтар саны артуда.

Алаяқтар әлеуметтік желілерде (“Instagram”, “Vkontakte”, “Telegramm”, “WhatsApp”) және хабарландыру сайттарында (“OLX.kz” және “Kolesa.kz”) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, жүргізуші куәліктерін, сондай-ақ шетелдік нөмірлері бар автомобильдер үшін көлік құралдары паспортын және тіркеу туралы куәлік дайындау бойынша хабарландырулар орналастырып, өздерінің қызметтерін ұсынады.

Осыған орай Атырау облысының Полиция департаменті азаматтарға көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін, паспорттар мен жеке куәліктерді дайындау сияқты мемлекеттік қызметтерді тек “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы немесе “электрондық үкімет” порталы арқылы алу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру