Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 грамға жуық кептірілген марихуана алынды

Қызылорда облысында ауыл тұрғынынан 20 грамға жуық марихуана алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында  23 қараша күні түнде Жосалы кентінің 35 жастағы жұмыссыз тұрғынынан ішінде өсімдік тектес зат бар екі орама алған.

Сараптама қорытындысы бойынша алынған орамалардағы зат жалпы салмағы 20 грамға жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекуссорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру