Атырауда айыппұл төлеуден жалтарған 800-ден астам автокөлік айыптұраққа қойылды
Атырауда айыппұл төлеуден жалтарған 800-ден астам автокөлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан Атырау қаласы аумағында патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес төленбеген айыппұлдары бар 815 автокөлікті анықтады.
Олардың 541-і Ресей, 154-і Армения, 13-і Қырғызстан, 12-і Өзбекстан, 33-і Белорусия, тоғызы Әзірбайжан, 28-і Грузия, бесеуі Абхазия елінен әкелінген автокөліктер.
Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін «Сергек» аппаратты бағдарламалық кешендеріне түскен.
Мысалы, 24 шілде күні сағат 10:30 шамасында Баймуханов көшесінде орналасқан «Дина» базарының тұсында патрульдік полиция қызметкерлері 36 жастағы азаматтың басқаруындағы Ресей елінде тіркеуде тұрған BWM маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 218 775 теңгені құрайтын төленбеген 14 айыппұлы бар екендігін анықтап, автокөлік
ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды.
Одан басқа, 24 шілде күні сағат 16:30 шамасында Авангард мөлтек ауданында орналасқан Көктем базарының тұсында патрульдік полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамның басқаруындағы Ресей елінде тіркеуде тұрған Nexia маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 344 206 теңгені құрайтын төленбеген 36 айыппұлы бар екендігін анықтап, автокөлік
ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды.
Патрульдік полиция қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.