Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда патрульдік полицияның саптық жиыны өтті

Атырауда патрульдік полицияның саптық жиыны өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының дәстүрлі бірыңғай саптүзеуі профилактикалық сипатта өтті.Қатардағы түзуді патрульдік полиция батальонының басшылығы жеке құрамға заңды түсіндіру жұмысынан бастады. Шараның мақсаты – полиция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ішкі істер органдарының имиджін көтеру.

– Кез-келген полиция қызметкері азаматтардың қауіпсіздігі мен өмірі үшін адал және жауапкершілікпен қызмет атқаруы қажет. Осыған байланысты, біз тәртіп сақшыларына жеке құрам арасындағы тәртіпті және заңдылықты қатаң, бұлжытпай сақтауды тағы бір рет еске салдық, – деді Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары Даурен Насиполла.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру