Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда бөтеннің көлігінен мемлекеттік нөмірін шешіп алған ер адам ұсталды

Атырауда бөтеннің көлігінен мемлекеттік нөмірін шешіп алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек күні сағат 17:20 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Авангард мөлтек ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан белгісіз ер азаматтың Mitsubishi маркалы автокөлігінің мемлекеттік белгісін түсіріп, қасында тұрған Merсedes маркалы автокөлігіне салып, көлікті жүргізіп кеткендігін байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша Mercedes маркалы автокөлігін дереу тоқтатқан тәртіп сақшылары тексеріс кезінде аталған автокөліктегі мемлекеттің белгінің Mitsubishi маркалы автокөлігіне тиесілі екендігін анықтаған.

Аталған оқиға бойынша Mercedes маркалы автокөлігіне жалған нөмір тағып, көлік басқарған 26 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлімімен (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жоланды.

Енді ол жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуі немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру