Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда учаскелік инспекторлар 60 мыңға жуық пәтерді тексерді

Павлодарда учаскелік инспекторлар 60 мыңға жуық пәтерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейту, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ полиция жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өзара іс-қимыл жасай отырып, аулаларды және пәтерлерді аралауды жүзеге асырады. Осы тексерудің мақсаты қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде тұратын тұрғындармен танысу, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау болып табылады.

– Учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйлердің 51 мыңнан астам пәтерін және 9 мыңнан астам жеке үйлерді аралап шықты. Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 3 мыңға жуық адам, сондай-ақ азаматтық қарудың 3 мың иесі тексерілді. Аумақты аралау барысында, сондай-ақ азаматтардың хабарлауы бойынша жалға берілетін 54 пәтер анықталып, есепке қойылды. Олар туралы ақпарат тиісті органдарға берілді, – деді Павлодар қаласының жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Құқық қорғау органдарының күзетшілері қылмыстың алдын алу шараларының бірі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылатынын атап өтті. 1 қыркүйектен бастап 1287 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін – 126 адам, оның 36 қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 37 адам жазаланды. Жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 102 павлодарлық жазаланды, облыс орталығының 181 тұрғыны қоғамдық орындарда ішімдік ішкен, ал 288 адам Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейд барысында түрлі құқық бұзушылықтар үшін 106 кәмелетке толмаған ұсталды.

Тұрғын үй массивін аралаудан басқа, учаскелік полиция инспекторлары 11 мыңнан астам саяжай үйлерін, тұрмысы нашар отбасыларды, әкімшілік учаскелерді патрульдеуді тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру