Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші есірткілік мас күйде ұсталды

Атырауда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші есірткілік мас күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуір күні сағат 12:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері алдыңғы бүйір терезелері күңгірттелген Lada Priora автокөлігін тоқтатты. Оқиға Сатпаев данғылы Исатай-Махамбет алаңы тұсында орын алған.

Аталған көліктің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау барысында жүргізушінің мінез-құлқы күдік тудырған. Полиция қызметкерлері облыстық наркологиялық диспансерінде медициналық куәландырудан өткізіп, нәтижесінде жүргізушісі есірткілік масаю күйінде екендігі және Ресей федерациясында тіркелген көлік құралына тіркеуден шығарылған, яғни жалған мемлекеттік белгі орнатқандығы белгілі болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлімі (Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралын басқару) бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды және 590-бабы 4-бөліміне сәйкес мемлекеттік белгілері алынып, сот шешімімен 26 жастағы азамат жалған мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiкті тізгіндегені үшін бір жылға көлiк құралдарын басқару құқығынан, есірткілік масаң күйде көлік басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру