Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жеке күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыс ашылды

Ақмола облысында үш айда жеке күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыс ашылып, 253 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімі облыс орталығының өнеркәсіптік аймақтарында орналасқан жеке кәсіпкерлік объектілерінің басшыларымен тұрақты негізде жоспарлы жұмыс жүргізуде. Төтенше оқиғаларды болдырмау, ықтимал дағдарысты жағдайлардың алдын алу, тонау, ұрлық және өзге де қылмыстық қол сұғушылық фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ алдын алу шараларын қабылдау мақсатында объектілер мен оларға іргелес аумақтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері шешілуде.

– Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында орталықтандырылған бақылаудың 23 пульті жұмыс істейді, 3 мыңнан астам жеке күзет бекеттерін қою арқылы 143 жеке күзет ұйымы тіркелген. Күзетілетін пәтерлердің жалпы саны 6 мыңнан астам, оның ішінде орталықтандырылған бақылау пульті арқылы 3 мыңнан астам. Қауіпсіздік саласы құндылықтардың қауіпсіздігі мен сақталуын барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін физикалық күзет пен техникалық құралдарды қамтиды, – дейді күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Ерлан Мұстафин.

Мәселен, 2022 жылдың бірінші тоқсанында жеке күзет ұйымдары Ақмола облысының аумағында 253 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, күзетілетін объектілерде 224 құқық бұзушылықтың алдын алды, күзет құрылымдарының қатысуымен 13 қылмыс ашылды.

Күзет дабылы құралдарын монтаждауды, реттеуді және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын фирмалар пәтерлерде және кеңселерде заңсыз кіру мен өртке жауап беретін күзет мониторингі жүйесін орнатады. Бұл компаниялар үй-жайларды бейнебақылау, кіруді бақылау жүйелерімен, интеркомдармен және иесін қорғауға арналған басқа құрылғылармен қосымша жабдықтай алады.

Сондай-ақ, олар атыс қаруын, травматикалық қаруды және арнайы құралдарды қолдана отырып, қарулы күзетуді жүзеге асыруға құқылы, өз қызметтеріне мобильді және радиофицирленген байланысты қоса береді. Тәжірибе көрсеткендей, жеке күзет ұйымдары мен ПЦН күзететін объектілер және пәтерлер қылмыстық элементтер тарапынан қол сұғушылыққа сирек ұшырайды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру