Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлігінің терезесін күңгірттеп алған 2 жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда көлігінің терезесін күңгірттеп алған 2 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында жол ережесін бұзушылар арасында көлігінің алдыңғы терезелерін күңгірттеп алған жүргізушілер анықталды.

Мәселен, 26 қаңтар күні уақыт 12:55 шамасында Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында Құлманов көшесі бойында Mersedec автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 1992 жылы туған автокөлік иесінің терезесін күңгірттеп алғаны анықталды. Нәтижесінде 30 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұған қоса, сағат 13:22 шамасында Маденов көшесі бойында Toyota автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде терезесін күңгірттеп алғаны белгілі болып, 1989 жылы туған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен жауапқа тартылып, хаттама жасақталды. Аталған екі автокөліктің де мемлекеттік белгілері түсіріліп, әкімшілік полиция басқармасына тексеру үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру