Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 103 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде  полиция қызметкерлері 143 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 103 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шақырылған шетелдіктер елде болудың белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған 34 азамат әкімшілікке қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған алты жұмыс берушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

4 шетел азаматына қатысты сот елден шығарып жіберу туралы шешім қабылдады, сондай-ақ 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан өз еркімен шығу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының 16 азаматы елден мәжбүрлеу тәртібімен шығарылды.

Іс-шара барысында 297 шетелдіктің құқықтық мәртебесі реттелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру