Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазалыда балабақшаның мүлкін қолды қылған екеу ұсталды

Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақшаға ұрлыққа түскен аудан тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 ақпан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне Әйтеке би кентінің тұрғыны арызданған.
Ол өз арызында аталған кентте орналасқан уақытша жұмыс істемей тұрған балабақшадан белгісіз біреулердің тұрмыстық заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы бір миллион теңгеден астам сомадағы залал келтірілген.

Аудан полицейлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде кенттің 28 жастағы және 35 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олардан айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру