Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция ардагеріне "Құрмет" ордені тапсырылды

Атырау облысы полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы Қайырғали Жұмабайұлын Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік наградасымен марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жеке құраммен жұмыс департаментінің бастығы Олжас Сапарханұлы қатысты.

Салтанатты рәсім барысында Қайырғали Жұмабайұлына құқық қорғау саласындағы ұзақ жылғы мінсіз қызметі, ішкі істер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі және жас қызметкерлерді тәрбиелеудегі сүбелі еңбегі үшін "Құрмет" ордені табысталды.

Жиынға қатысушылар ардагерді жоғары мемлекеттік наградасымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және толайым табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру