Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда пробациялық бақылаудан жасырынып жүрген сотталған табылды

Атырауда пробациялық бақылаудан жасырынып жүрген сотталған табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық пробация қызметімен іздеуде жүрген 45 жастағы пробация қызметінің есебіндегі сотталған қала аумағынан құрықталды. Сотталған С.К Атырау қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын.

Бірақ сотталған өз міндеттері мен жаза өтеу тәртібін біле тұра, жаза өтеуден жалтарып, пробация қызметінің бақылауынан жасырынған. Нәтижесінде, пробация қызметімен сотталғанның баруы мүмкін деген орындар тексеріліп, туған-туысқандарынан сұрастырылды. Алайда нәтиже болмауына байланысты сот қаулысымен іздеу жарияланып, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.

Жүргізілген жан-жақты жедел-іздестіру шаралары барысында сотталған қала шегіндегі автокөлік жөндеу орталығының бірінен табылып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда сотталғанның пробациялық бақылаудан жасырынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы Атырау қалалық №2 сотына пробация қызметі тарапынан ұсынып жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру