Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда құтқарушы иттердің сертификаттау сынағының ІІ, III кезеңдері өткізілді

Атырау қаласының “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС маңындағы полигонда төрт аяқты құтқарушылардың сертификаттау сынағының ІІ кезеңі, Балықшы мөлтек ауданында “Судоремонтник” стадионы жанында ескі қираған балабақша базасында “Техногендік ортада зардап шегушіні іздестіру” тақырыбында кинологиялық есептоптардың сертификаттау сынағының ІІІ кезеңі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Перетаска” ауылының маңындағы 1 метрден астам шөп өсіп кеткен полигонда, ІІ кезеңде құтқарушы иттерге табиғи ортада зардап шеккен екі адамды іздестіру тапсырмасы берілді. Уақыт Іздестіру алаңы шекарасын өткеннен кейін есептелінді.

Иттерге барлық аумақты тінтіп шығу керек болатын, оны барлық жануар жақсы жасай алмады. Себебі, зардап шегушіні іздестіру жұмысы сертификаттау сынағының қиын кезеңінің бірі болып табылады.

Бұл жерде, әр бір иттің тапсырманы орындау кезінде өзіндік ерекшеліктері, өз қимыл-қозғалысы әр түрлі болатынын ескерген жөн. Сол себепті құтқарушы иттердің дұрыс, кәсіби дайындығы маңызды рөл атқарады. Ал келесі ІІІ кезеңде жедел құтқару жасақтарының құтқарушы иттеріне
іздестіру аймағынан 2 зардап шегушіні табу тапсырмасы берілді. Іздестіру аймағы ескі қираған балабақша ғимараты болды, жалпы көлемі 2000 шаршы метр.

Кинологтың жүретін жері және іздестіру шекарасы маркерлік лентамен белгіленді. Әр бір иткеіздестіруге 20 минут уақыт берілді. Құтқарушы иттер белсенді түрде зардап шегушілерді іздестірді.

Іздестіру аймағына барған кезде, иттер іздестіру мақсатын нақты білу қажет. Зардап шегушіні тапқан кезде, кинологына үру арқылы белгі беруі тиіс. Көп жағдайда зардап шегушінің ізін табалмаған кезде, иттер иіс арқылы іздеуге кіріседі. Барлық адам өкпесінен бірдей иіс бөлінеді. Құтқарушы иттер осы иіс арқылы іздеп тапты.

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша, белсенділігі мен кәсіби дайындығы үшін Атырау облысының жедел құтқару жасағының екі құтқарушы иті сертификаттаудың “А” классына өтіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру