Көліктер соқтығысып, жолаушы оқиға орнында көз жұмды
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 маусымда сағат 10.03-те Байғанин ауданының 34 жастағы тұрғыны «Фольксваген–Шаран» автокөлігінің жүргізушісі, Ноғайты кенті жағынан Қараукелді ауылына қарай келе жатып, қарсы бағыттағы 41 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Опель-Вектра» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Фольксваген–Шаран» автокөлігінің 1940 жылы туылған жолаушы оқиға орнында көз жұмды, бес жолаушы Байғанин ауданының орталық ауруханасына
жатқызылды.
Медициналық мекемеде 50 жастағы жолаушы алған жарақатынан қайтыс болды.
Сонымен қатар, «Опель» автокөлігінің үш жолаушысы да әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға келіп түсті.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам
өліміне әкеп соққан жол қозғалыс ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Фольксваген–Шаран» автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының көп себептерінің бірі – жол қозғалыс ережесін сақтамау екенін еске салады. Алайда, бұдан басқа, апатқа түсу ықтималдығына әсер ететін көптеген факторлар бар. Ең көп таралғаны: жол қозғалыс ережесін сақтамау, жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, алкогольдік және есірткілік мааң күйде айдау, жол үстінде шаршау, ауа райы қолайсыз болғанда жолға шығу, тәуліктің қараңғы уақытында жолға шығу, автокөліктің техникалық жағдайы нашар болуы.