Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда шетелдіктен жарты миллион теңге бопсалаған ер адамдар ұсталды

Атырау полицейлері шетелдіктен ақша бопсалап алмақ болған тұрғындарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда белгісіз екеу өздерінің қаржылық жағдайларын түзетуді адам бопсалау арқылы шешпек болған. Бірақ ойлары іске аспай, полицияның қолына түсті.

24 тамыз күні белгісіз екеу қала аумағында Өзбекстан елінің азаматына күш қолданып,
500 мың теңге ақша талап еткен. Онымен қоймай, жәбірленушіні өздерімен бірге ертіп жүрген.
Олардың қолдарынан босап шыққан 44 жастағы азамат сол күні полицияға арызданған.
Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шарасы барысында
Атырау қаласының 1983 жылы туған тұрғыны мен Жылыой ауданының1979 жылы туған
тұрғынын ұстады. Айғақ зат-бопсалап алған ақша алынды.

Ұсталғандардың бірі Жылыой ауданының бұған дейін бірнеше рет сотталған тұрғыны тергеу абақтысына, екіншісі үй қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің “Бопсалау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар, тексеру кезінде ұсталған екеудің деструктивті діни ағым ұстанушылары екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру