Шымкентте ПД бастығы тұрғындарды онлайн қабылдады
Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы Е. Жумаханбетов онлайн режимінде 15 азаматты қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке қабылдауға жазылғандар алаяқтық, ұрлық жайттарымен кадр саясатына қатысты сауалдарын қойды. Мәселен, 2 қара малын 870 мың теңгеге сатып, алайда келісілген қаражатты қайтармай жүргенідерге нақты шара көру туралы мәселе көтерген ақсақалдың шағымынан соң қызметтік тергеу жүргізілетін болды. Сондай-ақ Абай ауданының тұрғыны, зейнеткер өзінің көршісі тыныштық бермей жиі мазалайтынын айтып арызданды. Бұл бойынша Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы Е. Жумаханбетов зейнеткерді арнайы қабылдайтынын жеткізді. Ал қабылдауға жазылған келесі азаматтар банктен алынған несие мәселесінің қысқартылғанын айтса, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінде жұмыс жасайтын анықтаушы Шымкент қаласы Полиция департаментіне бос лауазымға қабылдауын сұрады. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған Шымкент қалалық Полиция департаментінің Е. Жумаханбетов өтініш иелерінің мәселесінің шешілуі жеке бақылауында екенін жеткізді.