Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда үйінде голландиялық марихуана өсірген тұрғын ұсталды

Атырау облысының тұрғыны үйінде жылыжай жабдықтап, есірткі өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында голландиялық марихуананы өсіретін зертхананы анықтады», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Атырау қаласының тұрғыны өзінің жатын бөлмесінде желдеткіші бар, сонымен қатар температурасы мен жарық жағдайлары сақталған шағын жылыжай жабдықтап, құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан.

Күдіктінің үйін тексеру барысында төрт ыдысқа отырғызылып, өсіп тұрған өсімдіктер табылды.

59 жастағы азаматтың айтуынша, есірткі өсімдіктерін сату үшін емес, өзі қолдану үшін өсірген.

Ұсталған азаматқа қатысты сараптама тағайындалып, нарколог-дәрігердің қорытындысына сәйкес оның қанының құрамында есірткі бары анықталды. 

Бұл факт Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеліп,  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Үйінде есірткі өсірумен айналысқан «агрономның» өсімдіктің тұқымын қайдан алғаны және «өнімдерін» сатып, қылмыстық бизнеске үлесін қосуға қатысы туралы тергеу барысында анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру