Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ұры шетел азаматшасынан 1,3 млн теңгеден астам ақша жымқырып кетті

Атырауда ұры шетел азаматшасынан 1,3 млн теңгеден астам ақша жымқырып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау аумағында азаматтардың жеке мүліктерін ұрлау фактілері әсіресе қала аумағында орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерлері мен жеке меншік үйлердің терезесін майыстыру, кілтін үйлестіру немесе есігін бұзып кіру арқылы пәтер ұрлықтары орын алуда. Ағымдағы жылы пәтер ұрлығының 78 фактісі тіркеліп, 33,9% төмендеген, 47 өндіріспен аяқталды. Барлығы қала бойынша пәтер ұрлығымен 15 адам есепке алынды.

– 2021 жылдың 11 маусымда тергеп-тексеру кезінде анықталмаған уақытта белгісіз адам бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқыру мақсатында Атырау қаласы Владимирский көшесіндегі пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, Сьерра-Леоне елінен келген 2002 жылы туылған азаматшаның қара түсті сөмкесінен жалпы құны 1 325 343 теңге болатын, 3 100 АҚШ долларын жасырын жымқырып алып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Жедел-іздестіру кезінде Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдікті анықталып, ұсталды. Айғақ зат тәркіленіп, УҰИ-на қамауға алынды, – деді Атырау облысы ПД-нің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру