Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Атырауда жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

14-16 қыркүйек аралығында Атырау облысының аумағында республикалық "Жаяу жүргінші" акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Акция аясында Атырау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері білім беру ұйымдарына іргелес аумақтардағы жол қауіпсіздігінің жай-күйін зерделеп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Балалардың мектепке қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол таңбалары жаңартылып, қажетті ескерту белгілері орнатылуда. Сонымен қатар көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын төмендету үшін жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілерге, әсіресе мектеп оқушыларына жол беруге шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жол қозғалысына қатысушылардың барлығы белгіленген талаптарды сақтауы маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру