Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері есірткіге қарсы 3 мыңнан астам брошюра таратылды

Атырауда жыл басынан бері есірткіге қарсы 3 мыңнан астам брошюра таратылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында есірткі қылмысының алдын алу және тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Жас қорғау" жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, тұрғындар көп шоғырланатын "Көктем" сауда орталығында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға есірткінің адам денсаулығы мен психикасына тигізетін зияны түсіндіріліп, есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған 3 мыңнан астам брошюра таратылған.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды есірткіден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру